ДЕНСАУЛЫҚ
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары "Бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар" диагнозымен 9 жасар балаға ота жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған. Бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.
Науқас ОБА-ның нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел қабылданды. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа 3 қыркүйекте ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Оң жақтағы төбе мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.