ҚОҒАМ

Ауыз су мәселесі оң шешімін тауып келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Елді мекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда. Шалғайда орналасқан елді мекендердің барлығына ауыз су тарту мәселесі аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында.

Осы тұста, бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, Зортөбе, Жаңақұрылыс, Қарабау елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Қазіргі таңда, Жаңақұрылыс елді мекенінде 71 дана су құдықшалары мен 8 дана өрт гидранттары орнатылып, су құбырларын ішкі көшелерге жүргізу жұмыстары аяқталған. Қарабау және Зортөбе елді мекендерінде магистралды және ішкі ауыз су құбырлары толық жүргізіліп, су қоймасының құрылыс жұмыстары жүруде.

Сонымен қатар аудан басшысы Сарқырама елді мекенінде су қоймасының құрылыс жұмыстарын бастау үшін жер телімін көріп, жобалау-сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізу бойынша тапсырмалар берді.

Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына бірқатар ескертулер айтып, ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырып, алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап тұратынын жеткізді.