Bugin

Сарыағашта спорт және workout алаңшасы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Осы бағытта ауданға қарасты Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекенінде заманауи спорт және Workout алаңшасы бой көтерді. Аталған спорт алаңшасына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, ашылу салтанатына қатысып, жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынған. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында кіші футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталып, балаларға арналған ойын әткеншектері орнатылған. Мұнда балалар волейбол, футболдан сайысып, қосымша спорт түрлерімен де айналыса алады.

Одан бөлек Жылға елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүруде.

Қазіргі таңда, нысанның ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ғимараттың еденіне кафельдер жабыстыру және ішкі кәріз жүйесі, сыртқы сэндвич панель орнату жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы жұмыс қарқынын күшейте отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертті, сондай-ақ ауыл әкімі мен жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.