ҚОҒАМ
Фото: Ann.az
Қазгидромет 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ағымдағы аптаның соңына дейін кең антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамти береді. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады.
"Тек еліміздің оңтүстік бөлігі ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік болжанады" делінген хабарламада.