ҚОҒАМ

Көп балалы ана үй жұмысын орындамағаны үшін қызын пышақтап тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Солтүстік Қазақстан облысында анасы үй жұмысын орындамағаны үшін 11 жастағы қызына пышақ сұққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
 

Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Динара Закиева өзінің Instagram-дағы парақшасында жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

“Анасы үй жұмысын орындамағаны үшін және дәптерін ұқыпты ұстамағаны үшін кәмелет жасқа толмаған қызының жамбас буынына пышақ сұққан. Қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қазір жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Бала дәрігерлердің бақылауында. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылады”, – деп жазды Закиева.

Тергеу барысында қылмыстың қалай болғаны анықталып жатыр. 

“Арнайы комиссия құрылды. Олар оқиға орнына барып, отбасының жағдайымен танысты. Зардап шеккен қыздың ата-анасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ олар ата-әжесімен тұрады. Бұл іс менің жеке бақылауымда”, – делінген жазбада.