МӘДЕНИЕТ

5,7 млрд бөлген көшпенділер ойынынан Қазақстанға қанша табыс түсті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: worldnomadgames.kz

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына бюджеттен 5,7 млрд бөлінген еді. Ел бюджетіне 300 млн теңге пайда түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жоба 89 елдің басын қосты. Қазақстанға 597 мың турист келді.

Мәдениет және спорт министрлігі су тасқынынан кейін бөлінген қаражатты қысқартуға тура келгенін айтып өткен еді.

Дегенмен ұлттың ойындар ұлықталған дүбірлі дода өз деңгейінде өтті.

«Көшпенділер ойындарын тамашалауға 250 мың көрермен жиналды», деп хабарлады министрлік.