ҚОҒАМ

"Өте өкінішті": Анасын іздеп жүрген Жәнібек желіде жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібек әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол жазбада өзінің басқа қалаға көшіп бара жатқанын мәлімдеген.

"Құрметті достар, хал-жағдайларыңыз қалай? Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым! Толығырақ айтсам, қазір Қазақстанда емеспін... Өте өкінішті, өйткені, сіздерге айтарым көп! Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім! Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені.... Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім! Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін. Менің сапарыма қосылғыңыз келе ме? Кездескенше, достар!"- деп жазды Жәнібек.