ҚОҒАМ
Фото: kt.kz
Абай облысындағы Орлов шахтасында 2 жұмысшының үстіне тау-кен топырағы опырылып түскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алған жарақатының салдарынан бір кенші қаза тапты.
KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды.
«Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты», - делінген хабарламада.
Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.