Bugin

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kaz.inform.kz

Алматы облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сәйкес, Zeekr 001 жүргізушісі Талғар-Есік автожолының 36 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан.

"Апат салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай жан тапсырды. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.