Bugin
Фото: depositphotos.com
Қазгидромет 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын, қарға ауысатын жаңбыр болжанады. Түнде ауа температурасының 2-7 аязға дейін төмендеуі күтіледі.
"Қалған территорияда Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз: елдің батысында +18+26°С дейін, солтүстігінде, шығысында +5+10°С дейін, орталығында +7+15°С дейін, оңтүстігінде +12+20°С дейін, таулы аймақтарында +2+10°С дейін төмендейді" делінген хабарламада.