ҚОҒАМ

Алматыда 18 жастағы жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: облыстық ПД баспасөз қызметі

Алматыда 18 жастағы жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Желідегі мәлімет бойынша, 18 жастағы жігіт Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп, суицид жасаған.

Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Бұл соңғы екі аптадағы Алатыдағы жастар мен жасөспірімдердің алтыншы өлімі. Бұған дейін 22 қыркүйекте Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан демалыста жүрген 3 курс курсантының мәйіті табылған еді. Өліміне биіктен құлау себеп болған.

21 қыркүйекте Алматыда 12 жастағы қыз көпқабатты үйдің 13-қабатынан құлап қайтыс болды.

16 қыркүйекте Алматыда екі оқушы қыз биіктіктен құлап кетті. Қайғылы оқиғадан кейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыздардың өлімі өз-өзіне қол жұмсау екенін айтты. Кейінірек желіде «қауіпті» онлайн ойындар мен арнайы әдебиеттер қатысты деген ұсыныстар пайда болды. Алайда бұл туралы әзірге ресми расталған жоқ.

12 қыркүйекте Алматыдағы әскери институтта 1980 жылы туған сержант асылып қалған күйі табылды.