Bugin

Жанқош Тұрар тосын шешім қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: prosports.kz 

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалды. Ендігі жекпе-жек қашан болатынын алдағы уақытта хабарлаймын", - деп жазды боксшы. 

Жанқош 28 қыркүйекте екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін шаршы алаңға шығады деп күтілген еді.