Bugin
Фото: AP
Израильдің әуе шабуылынан Ливанда 492 адам қаза болып, 1600-ден астам адам жараланды деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" радикал тобының нысандарына әуеден үш жүзден астам соққы жасап, 1300-дей нысан қираған. Қаза тапқандар арасында 35 бала мен 42 әйел бар.
Израиль билігі Ливан тұрғындарына операция аяқталғанға дейін қауіпті аймақтан кету қажет екенін ескертті.
Израиль әскерилерінің көздегені - бұл топтың қанатты зымырандарын, реактивті снарядтары мен ұшқышсыз аппараттарын жою. Бұл туралы ЦАХАЛ-дың мәлімдеді.