Bugin
Нейрожелі арқылы жасалған сурет
Желіде әскери киімдегі жігітті ұрып, күш көрсеткен видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан камераға түсіп қалған форманың арнайы осы басқармаға тиесілі екенін растады.
Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 2024 жылдың 23 қыркүйегінде әскери полиция қызметкерлері азаматтық киім киген белгісіз тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының киімін киген тағы бір азаматты ұрғаны туралы видео анықталды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.