Bugin

Әскердегі әлімжеттік: Тоқаев Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты.

"Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады", – делінген желідегі ақпаратта.