ҚОҒАМ
Фото: ашық дереккөз
Атырауда көпқабатты үйдегі пәтерде өрт болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде 74 шаршы метр алаңда өрт болған. Құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарып, эвакуациялаған. Автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылған және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.
"Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі - қасақана өртеу" делінген ТЖМ хабарламасында.