Bugin

Алматыда университет студенті қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.aetv.com

Алматыда Almaty Management University студенті қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, Алматы Менеджмент университетінің басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға көмектеседі", - делінген хабарламада.