ҚОҒАМ

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды ұрып, ақша бопсалаған (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысында оқушы қыздар қатарласына күш көрсетіп, ақша бопсалаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді. 

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.