Weekend
1964 жылы Хан Джоуда музыканттар отбасында дүниеге келген әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер Джек Ма «Alibaba Grup» компаниясының негізін салған
Оның шын есімі – Ми Уан. Оқу үлгерімі жақсы болмаған кішкентай Джек Маны әлсіз және аласа бойлы болғандықтан достарының мазағы мен әжуасына қалған.
12 жасында ағылшын тілін үйренуді мақсат етіп, үйіне жақын қонақ үйге келген шет елдік туристермен көп әңгімелескен. Жарты жылдың ішінде туристерге тегін экскурция ұйымдастыратындай дәрежеге жетуіне ағылшын тіліндегі радиобағдарламаларды көп тыңдауы септігін тигізген. Америкалық турист оны «Джек» деп атаған. Тіпті 15 жасында Австриялық отбасымен дос болып үлгеріп, өзі сөйлескен, ойнаған балалардың барлығымен ара қатынасты сақтап қалған.
Оның өмірін түбегейлі өзгерткен саяхат 1985 жылы өз достарына қонаққа шет елге баруы болды. Сол уақытқа дейін ол Қытайды ең бай, ең мықты мемлекет деп ойлап келген. Сол саяхаттанкейін қалай өмір сұру керектігін, нені мақсат ететіндігі туралы түсінеді. Оқу үлгерімі жақсы болмағандықтан оқуға түсуі қиын болады. Ол тңптң Гарвард университетіне 10рет тапсырып, ешқайсысында жолы болмаған. Өзі ағылшын тілі мұғалімі болып оқыған колледжінде 10-15 доллорға жұмыс жасайды. 1990 жылдардың басында күн көруі қиындайды. KFC – ге жұмысқа тұрмақ болғанда 24 адамның 23-і қабылданып, тек Джек қана өтпей қалған. Аудармашы болып біраз уақытқа дейін аз-маз ақша тапқан.
Досынан интернет туралы ақпарат естігеннен кейін Қытайдың ғаламторда бизнесінің жоқ екенін байқап, бар жоғы 2000 доллормен «Қытайдың сары парақшалары» деп аталатын веб сайт жасап шығады. 24 досымен өз жоспарын талқылағанда 23-і «сен ғаламтор жайлы білмейсің», «сенің бастапқы құятын қаражатың жоқ» деген секілді сылтаулар айтқан. Тек біреуі ғана «Егер осыны жасағың келсе жасайық. Болмаса өз жұмысымызға қайта ораламыз» деп қолдау көрсеткен. 2012 жылы тәуекелмен ашқан «Alibaba» компаниясы 1 триллион юань табыс тапқан. Бір жылдан кейін ол компания президенті орнын босатып директорлар кеңесінің төрағасы болып қалды.