ҚОҒАМ

Қазақстандағы ең қарт адам қай облыста тұрады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы ең қарт адам Ұлытау облысында тұрады. Ақ жаулықты әже биыл 114 жасқа толған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы Еңбек министрлігі мәлімдеді. 

Қариялардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тұрады. Мәселен, Түркістан облысында 100 жастан асқан 64 адам бар. Ал, Алматы қаласында ғасыр жасаған қариялар саны 48 адам. Алматы облысында жүзден асқан 38 қария тұрып жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Ең көп жасаған адам, яғни, 114 жастағы кейуана Ұлытау облысында тұрады. Павлодар облысында 112 жас жасаған бір қария, Түркістан облысында 110 жастан асқан бір қария тұрады.