Bugin

"Өлтіріп кетеді”: Такси жүргізушісі жолаушы қызға тиіспекші болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына келген хаттың бірін жариялады. Хатта бойжеткен құрбысына такси жүргізушісі тиіскенін жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
 

Жазба авторы құрбысы көлікте ұйықтаған кезде жүргізуші оның денесіне қол жүгірткенін жазған. Көлікте қыздан басқа жолаушы болмаған.
 

Хат иесінің құрбысы “өлтіріп кетеді” деп қорқып, жүргізушінің қолын итеріп, терезеге қарап, жылап отырған. Хатта қыздың қатты қорқып қалғаны, шарасыз күй кешкені жазылған.