Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Атырауда көлік жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқыс жағдай 30 қыркүйекте сағат 18:40-та болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Corolla маркалы көліктің жүргізушісі Сәтпаев пен Ерниязов көшелерінің қиылысында өзінің қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кеткен.
Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 2002 жылы туған полиция қызметкері жарасын тігіп, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген. Жүргізуші күн сәулесінің түсуі салдарынан қиылыста қозғалысты реттеп тұрған полицейді көрмей қалғанын айтты.