Bugin
Фото: ашық дереккөз
Алматыда дзюдодан Азия чемпионы Дамир Исхановты белгісіз біреулер өлтірмек болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, олардың бірі спортшының жүрек тұсына пышақ сұғып алған. Спортшы аман. Оның жақындары аталған оқиға бойынша ашылған қылмыстық іс жұмсақ бап бойынша қозғалғанын айтады. Олар тіпті істі жауып тастауы мүмкін деп қауіптенеді.
Алматы полиция департаменті жағдайға байланысты түсінІк берді.
"Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тексеру жан-жақтылық, объективтілік қағидаттарын қатаң ұстанып жүріп жатыр. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында” делінген хабарламада.
Полиция департаменті қылмыстық іс қандай бап бойынша ашылғанын ашып айтпады.
Дамир Исаханов Қазақстанның спорт шебері, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы.