Bugin
Фото: Reuters
Бангкокта 40-тан астам оқушы мен мұғалімді экскурсияға апаратын мектеп автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters сайтына сілтеме жасап.
Утай Тхани провинциясынан келе жатқан автобус дөңгелегі жарылғаннан кейін тосқауылға соғылып, жанармай бактары жарылған. Өйткені көлік сұйытылған газбен жұмыс істеген. Нәтижесінде алапат өрт басталған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 44 жолаушының 25-ке жуығы қайтыс болды. Бірақ көлік министрі Сурия Джуангрунгруангкит құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз екенін айтты. Тағы 16 оқушы мен үш мұғалім жарақат алып ауруханаға жатқызылды.
Тайланд Премьер-Министрі Паэтонгтарн Шинаватра қаза тапқандар туралы ақпаратты растады және қайғылы оқиға құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.