Bugin
Фото: freepik.com
Гаитидің 11 миллиондай халқының 5,5 миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметінше, елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші.
Сонымен қатар инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да тұрмысты нашарлатып жіберген.