Bugin

3 айлық баласын тұншықтырып, әйелінің бетін тілген ер адам туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

«Көреміз» бағдарламасына күйеуінен қорлық көрген келіншек келіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға Шымкент қаласында болған. 53 жастағы күдікті нәрестені тепкілеп, келіншегін аяусыз ұрған. Келіншек қатты соққыдан далаға қашып, көршілерден көмек сұраған.

“Мен әлгі келіншектің көзі ағып кетті деп ойладым. Мойны қызарған. Аузы қызарған. Басы көгерген. Тұншықтырған ғой. Баланы жылағаны үшін тұншықтырған. Жөргегін ауыстырмақшы болғанда, артқы жамбасының да көгергенін көрдік. Бала жылай-жылай дауысы шықпай қалды", - деді зәбір көрген келіншектің көршісі. 

Бауыржан Жолдасов 1971 жылы туған. Алғашқы әйелімен 30 жыл бірге тұрған. 3 перзенті болған. Кейін 23 жастағы қызбен отау құрған. Екеуі автобуста танысқан екен. Алдын тұрмыста болған келіншек ер адамға перзенті бар екенін, ажырасқанын айтқан. Екеуі көңіл жарастырып үйленген. “Көреміздегілер” келіншектен оқиға қалай болғанын сұрады.

"Ол мас күйде келді. Шапалақпен ұрды. Үстел үстіндегі пышақты ұстап “өлтіремін сендерді” деді. Қызым жылап кетті. Оны да ұрып тастады. Қызыма араша болайын десем, екеуімізді де өлтіріп қояр деп, біреуден көмек сұрайын дедім”, -деді келіншек. 

Қазір ана мен бала қауіпсіз жерде. Баланың денсаулығы жақсы.