Саясат

Алашқа аты шыққан адасқандар

Адасқандар жайлы бірер сөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан 100 жыл бұрын Әлихан Нұрмұхамедұлы бастаған Алаштықтар барша қазақ интеллигенциясын, көсем-билерімен, бай-шонжар, халыққа сөзі өтетін, елге аты шыққандарын бір қол астына жинауға тырысты. Әлбетте, саяси қысымның әсерінен елін сатып, адасқан Әліби Жангелдин, Әбділғақ Дос сияқты сілімтіктер де пайда болды. Олар қызылдардың күшейіп келе жатқан тасқынынан қорқып, өз ҰЛТТЫНЫҢ ЖОЙЫЛУ операциясына белсене қатысып, жағымпаз наданның жолына түсіп, онымен қоймай шала сауатты қазақ балаларында өзіне қоса кетті. Демек, жұрт алдында жүргендер қоғам тәрбиелейді. Осыны біле тұра бүгінгі "атақтылар" ақша артынан еріп, өзін-өзі тыя алмай арзанға, қара пиар хайпқа жүгініп оны үздік отыздыққа кіреміз деген қоғам көтеріп отыр.

"Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер! Сендер адассаңдар арттарыңнан ерген АЛАШ адасады, арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар!" 

Ахмет Байтұрсынұлы 

Ақпарат заманыңда ненің дұрыс,ненің бұрыс екенің айтатын БАҚ өкілдерінің басым бөлігі қоғамды РУХАНИ тәрбие мен пайдалы ақпарат берудін орнына АДАСУ жолына түсті. Оны қоя бер, өзі адасып МАЛға айналып кеткенінен шаруасы жоқ ол надан, құлқыны ақша болған хайуандар өз артынан адам тартып жарысқандай малғұндарды тәрбиелеп оны барлық жағынан жарнамалап "жұлдыз" етеді.Нағыз АДАСУ осы емес пе?! Бүгінгі күні "өз ойым","астарлы ақиқат", "кел келінім", "қалаулым" сынды бағдарламар, эстрададағы 95 пайыз "бэндтер" әншәсымақтар мен "біз жігітпіз, кәрістен бөлекпіз" деп айтатын кәрісқұлдар, "30 жасқа дейін тұрмыс құрмаймыз" деп бейнебаяндарында ҰЯТ жерлерін көрсетіп оны "ҰЯТ ЕМЕС" деп әндетіп және сол "ерЕСЕК" адамдарды жинап, продюсер атаулы сасықтар бүгінде "АЛАШҚА АТЫ ШЫҚҚАНДАР" емес пе?! "Әлбетте, олар НЕ ІСТЕСЕ ДЕ өздері біледі!" дерсіздер, бірақ сіздің санаңыз УЛАНҒАНЫ соншалық одан ешқандай ерсілік көрмей отыр емессіз бе?

Осыдан 7-8 жыл бұрын өз-өзіңді суретке түсіріп селфи жасау жындының тірлігі сияқты болатын. Өзіңіз ойлаңызшы, дені дұрыс адамның ісі емес қой былай қарап тұрсақ. Ал қазір мұнда тұрған ештеңе жоқ . Осыдан 3-4 жыл бұрын инстаграмда ана бір жөзекше шықты ғой көрсетпеген жері жоқ. Бәріміз оған пікір жазып,оған лайк басып ақырында некесіз туған баласын бағатын нанын тауып бердік. Ол кезде жалаңаш тәнін барша жұртқа жариялау ерсі болатын.

Қазір ше?

Бұның алдында ел болып барлық осындай "ерсі емес" болып кеткендерді тәубесіне келтіру керек. Ең өкініштісі барлығын төбемізге көтерген өзіміз. Қоғам кімді ұлықтаса, сол ұлық болмақ. 

Әлихан, Міржақып, Ахмет аталарымыз осы үшін басын оққа байламаса керек...