Bugin
Фото: archive.president.kz
Қазақстан президентінің архиві Алматыдан Астанаға көшетін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Қазақстан Республикасы президентінің архиві» республикалық мемлекеттік мекемесін көшіру келесі жылдың 1 наурызына дейін аяқталуға тиіс.
Бұдан бөлек, жарлыққа сәйкес, 1918 жылдан бастап еліміздің саяси тарихына қатысты құжаттар сақталған мекеме қызметкерлері 108-ден 168 адамға дейін өседі.