Bugin
Фото: freepik.com
Израильдегі Қазақстан өкілдері сол елдегі қазақ азаматтарының байланыста болуын өтінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ведомство ол елдегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуін ескертті.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Елшілік жедел желі телефон нөмірлерін ұсынды.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)