Bugin
Фото: инстаграм @gulmir_ktk
Журналист Гүлмира Әбіқай инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында егде жастағы әйелдің туыстарына іздеу жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Зейнеткер есімін де, жасын да білмейтін көрінеді. Қайда туғанын, туысы, отбасы бар-жоғын да ұмытқан. Бірақ зейнеткер "Сарыжаздағы жындыханада жатқанмын" деп айтады екен. Шоколад, гүл сатып күн көретінін де айтқан.
"Подвалда тұрып жатқаныма 8 жыл болды, енді ол жерден қуып шықты" деп көмек сұрады. Көмектесейін десем, бірде мәліметтің бәрін басқаша айтады", - деді журналист.
Гүлмира Әбіқай зейнеткердің туыстарына іздеу салды.