Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Мектеп мұғалімі жолды меншіктеп, көлік өткізбей қойған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Журналист Гүлмира Әбіқай мектеп мұғалімінің ерсі әрекетін әлеуметтік желіге жүктеді. Мұғалім оқушыларды таситын автобустың жолын бөгейді. Айтуынша, жол жекеменшікке өтіп кеткен. Оқиға Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Хайдар ауылында болған.
Әйелдің өзі мектепте мұғалім, ал күйеуі мектеп директоры екен. Олардың мәліметінше, дау туғызған жерде ескі қора болған. Кейін оны бұзып, бұл отбасы жол салған екен.
Журналист бұл іс-әрекетке кезінде жерді оңды-солды сатқан әкімдерді айыптады.