Bugin

Атырауда тәртіп сақшысының отбасында үшем дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Атырауда тәртіп сақшысының әйелі үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үшемнің әкесі Мұрабек Құмаров Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобында қызмет етеді.

Жас отбасы Нұриман, Нұрислам, Нұрмұхаммед есімді батырлармен толықты. Сонымен бұл отбасы 5 перзенттің ата-анасы атанды.

"Қазақта “Әр баланың өз несібесі бар” деген бар. Сондықтан, екеуміз де сәбилердің шуақты күлкісіне толы көпбалалы отбасы болсақ деп армандадық, арманымыз орындалды. Отбасымның қолдауы, жұмыстан шаршап келгенде балаларымның алдымнан жүгіріп шыққаннан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Кез келген ата-ана балаларының болашағы жарқын болса, сүрінбесе, құламаса деп ойлайды. Ал оларды адал әрі саналы азаматтар етіп тәрбиелеу – біздің борышымыз", - деді көпбалалы әке Мұрабек Құмаров.

 

Еске салайық, бұған дейін бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталғанын хабарлаған едік.