Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Астанадағы мектептердің бірінде 43 жастағы мұғалім жас қыздарға қол жүгірткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында мектеп мұғалімінің ерсі әрекетін әшкереледі. 43 жастағы мектеп мұғалімі 7 сыныптағы қыз балаларға түнде хат жолдап жүрген. Астанада қыздардың ата-анасы егде жастағы ағай қыздарын құшақтап, түнімен хат жазады деп шағымданды.
Олардың айтуынша, мұғалім сабақтан тыс уақытта әр қызға ғашықтық хаттарын жолдап, қоңырау шалады екен. "Мен саған барлық жағынан ғашықпын" деп те хат жолдаған.