Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Әлеуметтік желіде Алматы облысында әйел мүгедектігі бар 2 жасар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция департаменті ақпаратты растады. Оқиға Боралдай ауылында болған.
"Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Полиция тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.