Bugin

Президент әкімдерге шүйлігетін блогерлерді сынға алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

Президент Қ.Тоқаев әкім мен әкімдіктің жұмысына шүйлігетін блогерлерді сынға алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Президент блогерлерді сынаудың жөні осы екен деп, артық кетпеуге шақырды.

“Әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек. Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауы керек. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек”, - деді Мемлекет басшысы.

Президент ақпараттық шабуылға дер кезінде назар аудару керегін айтты.