Bugin

Астанада ер адамның көршісіне жасаған ерсі әрекеті әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада көршісінің үйін тонаған ұры ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ІІМ-нің мәліметінше, 28 жастағы шетел азаматы көршісін тонап кеткен. Тергеу барысында ер адамның елордада пәтер жалдап тұратыны белгілі болды. Таңертеңгілік уақытта ол көршісінің итін серуендеуге алып шығып бара жатқанын және пәтерінің есігін жабуды ұмытып кеткенін байқаған. Қолайлы сәтті пайдаланған ер адам үйге кіріп, сөреде тұрған Redmi Note 10 телефонын жасырын алып кеткен. Таңғы серуеннен келген жәбірленуші гаджетінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. 

"Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдеме тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, - делінген хабарламада. 

Күдікті қылмысын мойындады.