Bugin

Демалысын шетелде өткізгісі келген бір топ адам алданып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда 26 жастағы азамат жалған туристік агенттік құрып, адамдарды алдап келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

Полицияның мәліметінше, қаладағы кем дегенде 20 тұрғын туристік демалыссыз қалды. Олар турдың ақысын алдын ала төлеген. Кейін тур иесі хабар-ошарсыз кеткен. 

Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 жастағы директорын ұстады.