Bugin
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК 4 қазанда еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың айтуынша, 4 қазанда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының орталығында 2 градус үсік жүреді деп болжанды.
4 қазанда Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды.
Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жұмада Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ертең Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.