Bugin
Фото: freepik.com
Шымкентте қаржылық пирамида құрғандар құрықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бас прокуратураның мәліметінше, қаржы пирамидасын құру және оған басшылық етумен айналысқан “Пайызсыз баспана" тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушылар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдары аралығында инстаграм әлеуметтік желісі арқылы төмен бағамен баспана беретіндерін айтып, адамдардан ақша алып отырған.
“Қылмыстық схемаға сәйкес бұдан әрі салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды, 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген", - делінген хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енбеді.