Bugin
Фото: freepik.com
Орал қаласында алаяқ 87 жастағы зейнеткерден 2 млн теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ІІМ-нің мәліметінше, әйел аулаға шығып, әйел мен ер адамға кіре берістегі еденді ақшаға жуып беруін сұрайды. Екеуі келіседі. Содан әйел іске кірісіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда, оның қасындағы ер адам егде әйелдің пәтерінің есігі ашық екенін көріп, пәтерге кіріп, үйден зейнеткердің бар жиған-тергенін жымқырып кетеді.
"Тазалау жұмыстарын аяқтап, пәтерге кірген әйел ақшасының жоғалғанын байқап, дереу полицияға хабарлайды. Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден қолға түсірді”, - делінген хабарламада.
Күдікті бұрын сотты болған Орал қаласының 46 жастағы тұрғыны болып шықты.