Bugin
Фото: freepik.com
Әлеуметтік желіде Президентке үндеу жолдаған әйелдің видеосы тарады. Оған күйеуі 13 жыл бойы қорлық көрсеткен. Келіншек күйеуінің жазасыз жүргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Келіншек Алматы қаласы Қарасай ауданы полиция департаментіне арыз жазғанына 6 ай болған. Бірақ әлі күнге дейін күйеуі жауапкершілікке тартылмапты.
Ал әйел күйеуінен 13 жыл бойы қорлық көргенін жасырмады. Күйеуі қолын сындырып, аяусыз соққыға жыққанын айтты. Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева келіншектің психологиялық ахуалы да нашар екенін алға тартты. Тіпті өзіне қол жұмсауына да аз қалған екен.
3 баланың анасы күйеуінің тиісті жазасын алғанын қалайды.