Bugin

5 млн теңге болатын біржолғы төлемді кімдер ала алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы басшылығы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің біржолғы төлемдерін ұлғайтпақшы. Енді ардагерлер 2 млн теңге емес, 5 млн теңгеге дейін ала алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қала әкімі Ерболат Досаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселесі талқыланған қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесу барысында бұл ақпаратты растады. 

Қала басшысы келесі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін, ал тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Ерболат Досаев биыл ҰОС ардагерлеріне берілген төлемдер 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көбейгенін еске салды.