Bugin
Фото: Видеодан алынған кадр
Бүгін, 4 қазанда Түркістанда Ұстаздар күні мерекесі құрметіне “Ұстазыма мың алғыс!” атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға көлік сыйлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
”Құрметті ұстаздар! Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге – саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді”, – деген Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі өңірдің білім саласында жеткен жетістіктермен де бөлісіп, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.