Bugin

Түркістан: Созақта соғыстың қарт майдангерлеріне құрмет көрсетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы Созақ ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов Сызған ауылдық округіне барып, аудандағы сұрапыл соғыстың соңғы майдангері, Мырзахмет Жылысбаевтың шаңырағында болды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің ыстық сәлемін жеткізіп, сый-сияпатын табыс етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазыналы ардагер Мырзахмет Жылысбаев көрсетілген құрметтерге алғысын білдірді. Сондай-ақ 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, рухани астана Түркістан қаласына жасаған сапарына тоқталды. Түрленген Түркістанның әсемдігі мен жаңарған келбетін аса мақтанышпен жеткізді. Киелі орындарға зиярат еткенін тілге тиек етіп, сапарды ұйымдастырған азаматтарға алғысын білдірді.