Bugin
Фото: airastana
Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Автотұрақтың қымбаттауы тұрақ аймағы, жабық паркинг, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолақ инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсету, сондай-ақ коммуналдық тарифтердің ұлғаюы мен инфляцияның өсуіне байланысты болып отыр.
Әуежай 15 қазаннан бастап “Smart Parking Technologies” ЖШС-ның тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары кестеде көрсетілгендей өзгеретіні туралы хабарлады.