Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Созақ ауданы “Теріскей” сайлау учаскесіне келген Рысты Райымқұлова мен Сәуле Әбішбекова бүкіл еліміз үшін маңызды күні өз азаматтық үлестерін қосып, дауыс берді.
Айта кетсек, облыста 1 млн 180 мыңнан аса дауыс беруші бар. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде жылжымалы медициналық пункттер қызмет көрсетеді.
Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:
– Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?
Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:
– «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».
Бюллетеньдер екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде басылады.
Елімізде барлығы 10 323 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 59 елде шетелдік мекемелерде ашылған 74 сайлау учаскесі бар.