Bugin
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленіп жатыр.
Айта кетейік, дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.