Bugin

Түркістан облысы: Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады. 

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.