Bugin

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ УЧАСКЕЛЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан қаласындағы №931 дауыс беру учаскесінде ұлттық қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келушілерге мастер-класс өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәрмеңкеде шеберлер ағаштан жасалған ұлттық аспаптар мен былғарыдан тігілген бұйымдарды тұрғындардың назарына ұсынды. Сондай-ақ, қыш-құмыралар мен картиналар көрмеге қойылды.

Айта кетейік, дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.