Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратов үй жағдайында №437 сайлау учаскесінің жылжымалы жәшігі арқылы дауыс берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ардагер 1924 жылы 20 ақпанда аудандағы Бөржар ауыл округі, Таздар ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында шайқасқан. Нәтижесінде қария “Құрмет белгісі”, I дәрежелі “Отан соғысы” ордендерімен және “Еңбек ардагері” медаліне ие болған.
Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.